Шымкентте 224 пәтердің 114-і көпбалалы отбасыларға берілген

Шымкентте «2-10-20» тұрғын үй бағыты бойынша 224 отбасы әлеуметтік несиелендіру шартымен тұрғын үймен қамтылған. Бұл жөнінде Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов брифингте мәлімдеді. Сондай-ақ басқарма басшысы басқа да кредиттік тұрғын үй бағыттарының орындалу барысы туралы баяндады.

224 пәтердің 114-і көпбалалы отбасыларға берілген болса, толық емес отбасылар саны – 60, ал 50 пәтер мүгедек баланы тәрбиелеуші жанұя бұйырған. Сонымен қатар, «2-10-20» — «Бақытты отбасы» кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша бастапқы жарнасының бір бөлігіне әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде жергілікті бюджеттің есебінен бөлінген 100 млн. теңге бөлінген болатын. Аталған қаржыға 101 азаматқа тұрғын үй сертификаттары берілді. Одан бөлек, 1 қазандағы жағдайға сәйкес, «7-20-25» тұрғын үй бағыты бойынша 885 азамат жаңа пәтердің кілтін алған. Сондай-ақ, үй кезегіндегі тұрғындарға іріктеу-тексеріс нәтижесінде 4 мың 456 азамат кезектен шығарылған.

Ғалымжан Төлепов — Шымкент қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы

Перизат Ортай