Еңбекші ауданында кәсіпкерлік субъектісінен 55 млрд 687 млн теңге салық жиналған

Шымкент қаласының Еңбекші ауданында биыл 564 жаңа жұмыс орны құрылған. Бұл жылы 30,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып отыр. Оның ішінде, бюджеттік қаржының көлемі – 3 млрд 794 млн теңге болса, жергілікті қаражат 16 млрд 566 млн теңгені құрайды. Ал банк кредиттері мен қарыз қаражаты – 10 млрд 139 млн теңге болған. Бұл жайында аудан әкімінің 9 айда атқарған жұмыстарының есебі кезінде баяндалды. Шара барысында шаһар басшысы Мұрат Әйтенов аймақтағы кемшін тұстарды жіпке тізіп, жауапты сала мамандарына тапсырма берді.

Еңбекші ауданы аумағында 19 147 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Олардан жергілікті бюджетке биыл 9 айда 55 млрд 687 млн теңге салық жиналған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 54 % артқан. Сондай-ақ, тозығы жеткен 46 көпқабатты үйдің ауласын жөндеу және балалар ойын алаңшаларын қайта құруға сметалық құжаттар әзірленді. Оларға 2021 жылға бюджеттік өтінім берілген.

Ғалымжан Ілиясов – Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі

Шара барысында ауданда атқарылған жұмыстардың жай-жапсарымен танысқан шаһар басшысы бірқатар мәселелер көңіл көншітпейтінін жеткізді.  Олардың қатарында құрылыс, тазалық, инфрақұрылым салалары бар. 300 мыңнан астам халқы бар ауданда құрылыс қарқыны бәсең-деді шаһар басшысы.

Шара барысында Маятас тұрғын алабындағы «Бадам» каналының құрылысы сөз болды.  Мұнда инвесторлар арқылы су электр станциясының құрылысы жүргізілмек. Каналдағы кіші су электр станциясының қуаттылығы 1МВт болады деп жоспарлануда. 

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Аудандағы бірқатар салалардың орындалу деңгейі өткен жылмен салыстырғанда төмен. Басқарма басшылары мұны биылғы карантиндік режиммен байданыстырады. Шара соңында Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға нақты тапсырма беріп, істеріне жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Д.Өмірзақова