ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ДЕМЕУШІЛЕР ЕСЕБІНЕН 370 ГАЗОСИГНАЛИЗАТОР ҚҰРЫЛҒЫСЫ ОРНАТЫЛДЫ

Шымкент қаласының Қаратау ауданында 374 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтамасыз етілді. Ауданда 435 көпқабатты тұрғын үйдің 374-і орталық жылу жүйесіне, ал 61 үй автономды жылу жүйесіне қосылған. 2020-2021 жылғы қысқы жылу маусымына көпқабатты үйлерді дайындау жұмыстары «ОҚО үйлерді басқару» ЖШС, «Қызметкер СК» ЖШС, «Алиаскар Б.А.М. Group» ЖШС, «Исабаева» ЖК, «Коммунал сервис КО» ЖШС және «Шымкент Сити» басқарушы мекемелері тарапынан жүргізілді.

Аудан әкімі аппараты және аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 370 отбасыға «Газосигнализатор» құрылғысы демеушілер тарапынан орнатылды.

Бүгінде ауданда көпқабатты тұрғын үйлерге 6 сервистік мекеме қызмет көрсетуде. Осы мекемелер тарапынан кіреберістер мен баспалдақтарды тазалау, жертөледегі жиналған суды шығару, үй ауласын тазалау, жертөледегі инженерлік жүйелерді күтіп-ұстау жұмыстары атқарылуда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі