ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 11 ОРЫНҒА ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ҚОҚЫС АЛАҢШАСЫ ОРНАТЫЛДЫ

Қаратау ауданы аумағында 57 аулаға біріктірілген 139 көпқабатты тұрғын үй аулаларына заманауи үлгідегі сапалы балалар ойын алаңдары мен спорттық жаттығу тренажерлары және 20 ашық спорт алаңшаларын орнату мен күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді.

Аудан аумағындағы тозығы жеткен 8 аула толық абаттандырылып, аулаларға заманауи үлгідегі балалар ойын элеметтері мен жаттығу тренажерлары орнатылды.

Сонымен қатар, 10 ашық спорт алаңшалары жаңадан салынып және тозығы жеткен 13 ашық спорт алаңшаны ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды.

Ауданда бей-берекет қоқыс жиналуына жол бермеу мақсатында тұрмыстық қалдықтарды шығаратын мекемелермен келісім-шарт түзу қажеттігі жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. «Green Line» ЖШС өз қаражаттарына 11 орынға жаңа үлгідегі қоқыс алаңшасын орнатты. Орнатылған қоқыс алаңшалары заманауи және тұрғындар тарапынан қолдау көрсетілді.

Алдағы уақытта аудандағы барлық қоқыс алаңшалары жаңа үлгідегі қоқыс алаңшаларына ауыстырылатын болады.Аудан аумағындағы әлеуметтік нысандар орналасқан 35 көшеге (74,3 км) жарықтандыру бағаналары орнатылған.

Ағымдағы жылы ұзындығы 13,4 шақырымды құрайтын 9 көшеге жарықтандыру бағаналары орнатылуда. Сонымен қатар, Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 51 көшені 67,1 шақырым) жарықтандыруға ұсыныс берілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі