«Қазақстан халқының діни саладағы мемлекеттік саясатын бағалау туралы» онлайн-сауалнама

А.ж. 30 маусымы мен 28 шілдесі аралығында «Ашық диалог» интернет-порталында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан халқының діни саладағы мемлекеттік саясатын бағалау туралы» интернет-сауалнама өткізілетін болады.

Сауалнаманың мақсаты діни саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы қоғамдық пікірді зерттеу және мемлекеттік органдардың оны іске асыру тиімділігін бағалауды анықтау болып табылады.

Онлайн-сауалнамаға өту сілтеме бойынша жүзеге асырылады https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=1479