Дені сау ұрпақ – ел болашағы

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру — қазіргі уақыттағы ең көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр.

Шымкент қаласының «Жастар орталығы» КММ-і жыл басынан бері жастар арасындағы салауатты өмір салтын насихаттау бағытында 50 жуық кездесулер, дөңгелек үстелдермен, онлайн кездесулер, онлайн үйірмелер өткізген.

Өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулу мақсатында орталық тарапынан жас спортшы, кәсіпқой бокстан жастар арасында әлем чемпионы Сұлтан Зауырбекпен, зілтемірші, екі дүркін әлем чеспионатының күміс жүлдегері, жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы Жазира Жаппарқұлмен кездесу және тағы басқа қаламыздың танымал спортшыларымен жастардың кездесу кештері ұйымдастырылды.

Елімізде енгізілген карантин жағдайына байланысты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары онлайн режимде өтуде.

Сонымен қатар, карантин шараларын ескеріп орып, жастар үшін, шахмат, тоғызқұмалақ сында ойын түрлерінен онлайн үйірмелер іске қосылды. Қазіргі таңда үйірмеде 50 жас білім алуда.