Аида Балаева «Жусан» операциясы бойынша

140-тан астам әйел Қазақстанға террористік белсенділік аймағынан оралғаннан кейін радикалды көзқарастардан бас тартты — деп хабарлады Орталық Коммуникациялар қызметінде  өткен есептік кездесуде Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

«Жусан» операциясы аясында террористік белсенділік аймағынан қайтарылған 163 әйелдің 144 — і радикалды діни көзқарастардан бас тартты», — деді Балаева.

Министрлік басшысы олармен жұмыстың негізгі бағыттарының бірі — ақпараттық-құқықтық жұмыс екенін атап өтті.

2019 жылы осы жұмыс аясында ақпараттық топтардың күшімен 3 млн-ға жуық адамды қамтитын 50 мыңнан астам іс-шара өткізілді, — деді министр А.Балаева.

Сондай-ақ, оның айтуынша, өткен жылы 5 300-ден астам интернет-ресурсқа мониторинг барысында, 3 200-ден заңсыз материалдар табылған. Олардың барлығы бұғатталды. Бұл жұмыста біз үшін деструктивті идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру маңызды, — деді Балаева.