ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ QR-код АРҚЫЛЫ АНЫҚТАМА АЛУҒА БОЛАТЫН СМАРТТЫ АҒАШТАР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

“Ecosana” жобасы аясында Қазақстанда алғаш рет QR-код арқылы анықтама алуға болатын смартты ағаштар отырғызылды. Игі іс-шара “Birgemiz: Taza alem” жалпыұлттық жобасы аясында, Шымкент қаласындағы орналасқан А.Асқаров атындағы дендросаябақта өтті.

Бүгінде дендросаябақта 200-ге жуық ағаш көшетіү отырғызылды.

Сенбілікке Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, сонымен қатар, “Nur Otan” партиясы, Шымкент қалалық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, қоғам қайраткерлері және Мәдениет және спорт саласындағы Заттыбек Көпбосынұлы, Жазира Жаппарқұл сынды танымал тұлғалар мен Ecosana-лық жастар қатысты.

Алдағы уақытта смартты ағаштар бүгінгі іс-шараға қатысып, ағаш көшетін отырғызған белсенділер туралы QR-код тақтайшалары арқылы анықтама беретін болады. Айту керек, бастама әр аптаның сенбісінде жалғасын табады.