ANTIKOR.LIVE: Шымкент қаласында бизнесті қорғау және оған қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды

ANTIKOR.LIVE алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғар  Серікбаев «Шымкент қаласында бизнесті қорғау және оған қолайлы жағдай жасау мәселелері» бойынша брифинг берді.

Брифингке Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қ.Акенов пен Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы М.Сейтжанов арнайы шақырылды.

Бүгінгі таңда, бизнесті қолдау және оған қолайлы жағдай жасау мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Агенттік тарапынан қазіргі уақытта кәсіпкерлікті кешенді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында «Protecting Business and Investments, яғни Бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасын іске асырудамыз.

 Инвесторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынуының басты шарты мемлекетіміздің аумағында адал және парасатты бизнес жүргізу бойынша өзіне міндеттеме алу болып табылады» — деп хабарлады Талғар Серікбаев. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдаумен 75 млрд. теңгеге 37  инвестициялық жоба сүйемелденумен жүзеге асырылуда.

Кәсіпкерлікті қолдау — біздің басты мақсатымыз болып табылады және  сыбайлас жемқорлықтың қол сұғушылығынан 100 пайыз қорғау  және кепілдік беру негізінде жүзеге асырылады.

Осы саладағы кез-келген заңсыз әрекет бизнеске кедергі ретінде қабылданатын болады.

Шымкентте бизнесті қорғау шеңберінде барлығы 20-ға жуық кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қалпына келтіріліп, олардың қызметіне заңсыз араласқаны үшін 10 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.