ДІН — МЕМЛЕКЕТТЕ ТЫНЫШТЫҚ БОЛУЫН КӨЗДЕЙДІ

Дін мемлекетте, қоғамда тыныштық, әділдік болуын көздейді. Адамды соған тәрбиелейді.

Шымкент қалалық дін істері басқармасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы  осындай ұлы мұраттарға ұмтылып, жұртты ізгілікке үндеп қана қоймай, бірлік пен берекенің нығметін ұдайы ұлықтап келеді.

Өйткені, бүкіл адамзатқа түсірілген қасиетті Құранда Алла Тағала: «Бөлінбеңдер», – деп бұйырған.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) діни ымыраға келуді бұйырған».

Алланың алдында сүйкімді адамдар, олар – елді бірлікке шақырғандар, алауыздыққа жол бермегендер. 

Бүкіл адамзат баласының ұлттар болып, қауымдасып өмір сүруі, бір-бірінен ерекшелеп жаратылуы – Жаратушы Алла Тағаланың даналығы, мейірімі мен нығметі.

Ақпарат көзі: Muftyat.kz