Экология, геология және табиғи ресурстар саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары қолға алынды

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша консультативтік жиналыс өткізді деп хабарлайды — агенттіктің баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет су ресурстары, экологиялық реттеу және бақылау, сондай-ақ орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізген.

Су ресурстары комитеті мен оның ведомстволық бағынышты мекемелерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне, су шаруашылығы, мемлекеттік сатып алу, бақылау функциялары мен персоналды басқаруда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударған.

Экологиялық реттеу және бақылау, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеттерінде тәуекелдерді тексеру іс-шаралары кезеңдері мен бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз етуде зиянды өтеу және бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар белгіленген.

Агенттік әкімшілік тәжірибені ретке келтіруді ұсынды, ол бүгінде тәжірибелік іске асырудағы әртүрлілігімен сипатталады, яғни, бірдей әрекеттер үшін әртүрлі санкциялар қолданылады, ал айыппұл келтірілген залалға сәйкес келмейді.

Ұсыныстарды іске асыру аясында министрлік мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізу тәртібінің мерзімдері, залалды белгілеу және есептеу тәртібі, анықталған бұзушылықтарды жоюға ұйғарым жасау және жіберу бөлігінде ережесін әзірлеген.

Министр Мағзұм Мырзағалиев ведомство қызметкерлеріне «транспаренттілік қағидаттарын сақтау және нормаларды түсіндіруде кез келген екіжақтылықты болдырмайтын нақты рәсімдерді белгілеу арқылы ғана экология саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда нақты нәтижелерге қол жеткізуге болатынын» атап өтті.