Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және заң нормаларының орындалуы

2020 жылдың 7 айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен мемлекеттік органдарға қылмыстық құқықбұзушылықты және басқа да заң бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою туралы 1120 ұсыныс жолданған.

Оларды қарастыру нәтижелері бойынша 575 тұлға әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 72-і жұмыстан босатылған, 81-і лауазымынан босатылды, 68-не лауазымға толық сәйкес келмеу туралы ескерту, 10-ның лауазымы төмендетілді, 145-не қатаң сөгіс жарияланған.

Бақылаудың болмауы мен бағыныштыларымен заң бұзушылықтарға жол бергені үшін әр түрлі деңгейдегі 250 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылған, оның 46-сы лауазымынан босатылып, 7-і жұмыстан босатылған.