Дін мен дәстүр – ұлт болашағының кепілі

Дін мен дәстүрдің сабақтастығы ауқымы аса кең тақырып. Халық арасында қалыптасқан дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, егер шариғатқа қайшы келмесе, дін тарапынан қолдауға ие болады. Ал шариғат үкімдерінің қайнарлары мыналар: Құран, Сүннет, Ижма, Қияс; истихсан, масалих мурсала, әдет-ғұрып.

Мұсылман тіршілігіне қатысты сан алуан салалардағы іс-әрекеттердің заңдылық сипатын анықтайтын фиқһ ілімінің негіздерінде كمةَ َّ حم العادة» әлъаада мухаккама» деген заңнамалық қағида бар.

Мағынасы «әдет-ғұрып – төреші», яғни нақтылы дәлелдер келмеген кейбір мәселелерде адамдар арасында қалыптасқан әдет-ғұрыпқа жүгініп, солардың негізінде үкім шығарылады дегенді білдіреді.

Демек, кейбір кезде салт-дәстүр, ғұрыптар заңды дәлел ретінде қарастырылады.

Бұл ереже фиқһ ілімі ғұламалары түзген, мақұлдаған аса маңызды қағидалардың бірі болып саналады.