ШЫМКЕНТТІК ҮШ ОҚУШЫ ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТА І ОРЫНДЫ ИЕМДЕНДІ

«Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың ІІІ республикалық зияткерлік конкурсы өз мәресіне жетті. Конкурсқа Шымкент қаласы атынан төрт оқушы қатысқан болатын.

Білім сайысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бөлімін іске асыру аясында ұйымдастырылған.

Конкурстың республикалық кезеңі осы жылы 3-5 қараша аралығында онлайн форматта www.daryn.kzwww.exam.net және ZOOM платформалары арқылы өткізілді.

Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша Пайзахматов Илхом, Мұратбек Медет, Мықтыбек Бексұлтан І орынды, Назарбаев Нұрбақыт ІІ орынды иеленді.

Конкурс жеңімпаздары ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломымен марапатталды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі