ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 64 ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғ. Ильясов баспасөз брифингінде көпқабатты үй аулаларын абаттандыру, ашық спорт алаңшаларын орнату жұмыстарына тоқталып өтті.

Ағымдағы жылы ауданда 64 үйдің ауласына абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары атқарылуда. Жыл соңында абаттандырылған үйлердің көрсеткіші 89,7 % -ға (565 үй) жетеді.

Сонымен қатар, 2011 жылы абаттандыру жұмыстары жүргізілген 43 үйдің ауласында орналасқан балалар ойын алаңшаларына жөндеу және қайта құру жұмыстары орындалды.

Одан бөлек, 46 көпқабатты үйдің ауласын жөндеу және балалар ойын алаңшаларын қайта құру бойынша сметалық есептер әзірленіп, 2021 жылға бюджеттік өтінім берілді.

Сондай-ақ, ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында 100 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарланған. 2020 жылға дейін 79 ашық спорт алаңшасы орнатылды. Ауданда спорт алаңшасын орнатуға бос жер телімдерін анықтау жұмыстары жүргізіліп, сметалық есептер дайындалды. Нәтижесінде биыл 6 ашық спорт алаңшасы орнатылып, бұл көрсеткіш 85 данаға жетті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі