Шымкентте сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша кезекті кездесу өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағалидің төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын- алу мақсатында кезекті жиын қалалық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ұжымымен онлайн режимде өтті.

Кездесу барысында құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою бойынша ұсынымдар  ұжымда талқыланып, оның алдын алу жолдары қарастырылды.

Сонымен қатар, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгешеліктер мен бағынышты қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың жеке жауапкершілігі назарға алынды.

Сонымен қатар, департамент басшысы А.Жұмағали сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда Агенттіктің 1424 Call-орталығына хабарласуға шақырды.

CaII-орталық тәулік бойы жұмыс істейді және Қазақстан бойынша қоңыраулар қабылдайды.