Шымкенттіктер дәстүрлі діни бағдарламаларды «Халық арна» телеарнасынан көре алады

Діни бағыттағы бағдарламалар, сұхбаттар, сюжеттер мен бейнероликтерді енді Шымкент қаласы тұрғындары «Халық арна» деп аталатын жаңа арнадан көре алады.

Жаңа телеарнаның мақсаты — дәстүрлі Исламды кеңінен насихаттау болып табылады.

24 сағат хабар таратуға қауқарлы телеарна қажетті мамандармен толық қамтылған.

Айта кетейік «Халық арна» «Отау тв» мен «Idtv» кабельдік желілері арқылы хабар таратады.

«Халық арна» деп аталған жаңа арнаның ашылуына Марат Тоқашбаев, Сайын Молдағалиұлы, Асылы Осман, Асылбек Боранбаев сынды ел ағалары мен өнер майталмандары қатысты.

«Діннің насихаты жолында табысты арна болсын»  — деді салтанатты ашылу  барысында Наурызбай қажы Тағанұлы.