Шымкент қаласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бағытында ең үздік жұмыс жасаған мешіт имамдары мен ерікті топ мүшелері марапатталды

Бүгін, Шымкент қаласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бағытында ең үздік жұмыс жасаған мешіт имамдары мен ерікті топ мүшелері марапатталды.

Әлемді дүрбелеңге салған жұқпалы індетке байланысты биылғы игі шаралар онлайн түрінде жүзеге асырылғаны баршаға аян.

Әлемдегі озық тәжірибелерді негізге ала отырып Шымкент қаласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алуда бірқатар тың жобалар онлайн түрінде жүзеге асырылды.

Осындай шаралардың басы-қасында болып, мешіт имамдарымен бірге мешіт жанындағы еріктілер тобының жұмысы мен атқарған еңбегі орасан .

Ерікті топ мүшелерінің еңбектерін ескеріп, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласындағы бірқатар мешіт имамдары мен ерікті топ мүшелеріне өзінің алғыс хатын жолдаған болатын.

Бас мүфти хазреттің алғыс хатын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов оқып беріп, 30-дан астам ерікті азаматқа табыстады.

Сондай-ақ игі шараға Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау ауданы бас имамдары мен «Халал Даму» ЖШС қалалық өкілі Қазыбек Сарыбаев, Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет» қорның өкілі Айбек Азимбаевтар қатысты.