Шымкентте сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша құқықтық сабақтар өткізілді

Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі мен заң бөлімінің маманы И.Татыбаев аудандар мен басқармалардың мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен құқықтық сабақтар  өткізілді.

Құқықтық сабақта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары мен Әдеп нормаларын сақтау, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтар жасауға жол бермеулері мен қызметкерлердің іскерлік стилінің стандарттары бойынша әдістемелік ұстанымдарды бекітуі туралы ұсынымдар берілді.