Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Арнайы мониторинг топтың кезекті отырысы өтті

Шымкент қаласы бойынша Арнайы мониторинг топтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент жанынан құрылған кезекті отырысы өткізілді.

Топ жетекшісі Ә.Әссанди топтың қордаланған мәселелерін ортаға салып, оны талқылай отыра, топтың жұмыс жоспарымен таныстырып, бағыт-бағдарын белгіледі.

Азаматтардың, кәсіпкерліктің конституциялық құқықтарын қорғау, бюджет қаражатын жымқыру және мақсатсыз пайдалануды анықтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметті сыбайлас жемқорлықтан тазарту басымдықтар болып қала береді.

Біздің басты мақсатымыз-сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру екендігін топ жетекшісі Ә.Әссанди жеткізді.

Тұрмыстық пара алу, сыбайлас жерқорлық құқық бұзушылық фактілері болса мониторинг топ мүшелеріне хабар беріңіз.

Қосымша Описание: 📞1424 нөмеріне хабарлауға болады.