Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңы ТМД елдерінде алғаш қабылданған

Ең алғаш рет елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы 1998 жылы 2 шілде қабылданған болатын.

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағыттары заман талабына сәйкес қайта жаңартылып, 2015 жылы 18 қарашада жаңадан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды.

Аталған Заң 5 тараудан, 27 баптан тұрады. Осы Заң жалпы ережелерді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерін және олардың өкілеттіктерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды және қорытынды ережелерді қамтиды.

Заңның қолданысқа енгізілуі оның жекелеген баптарын күшіне енгізу тәртібі белгілене отырып, арнайы баслымдарда ресми жарияланған сәттен бастап он күнтізбелік күннен кейін енгізілген.

«Егемен Қазақстан» газетінде 20.11.2015 жылы, «Казахстанская правда» газетінде 20.11.2015 жылы жарияланған.