Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруға бағытталған

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 309 қаулысымен бекіген болатын.

Негізінен іс-шаралар жоспары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қоғамдық бақылау институтын енгізу, квазимемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, соттарда және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту, стратегияны іске асыруды бағалау және мониторингтеу бөлімдерінен тұратын біршама тармақтарды айқындап берді.

Бұл қаулыға бірнеше рет өзгерістер енгізіліп, орталық атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ жоспарды орындауға жауапты мүдделі ұйымдарға жоспарды іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат беру жүктелген.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне есепті жылдан кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі бойынша іс-шараларының орындалуына жүргізілген мониторинг және бағалау туралы жиынтық ақпарат беру тапсырылған.

Шымкент қаласының әкімі мен әкімдігі тарапынан тұрақты есептер енгізіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін мейлінше азайту Шымкент қаласы әкімдігінің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.

Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім сала (ішкі және сыртқы талдау қорытындысымен) басшыларының есебі тұрақты негізде тыңдалып, жоғары органдарға тұрақты жиынтық ақпараттар мен қабылданған шаралар, нәтижелер енгізіліп отырады.