100 нақты қадам Ұлт жоспары — жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің жаңаша негізін қалады

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бекітіліп, заңның үстемдігін қамтамасыз ету жолдарын қарастыратын іс-шаралар белгіленді.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру көзделген болатын.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағыттары заман талабына сәйкес қайта жаңартылып, 2015 жылы 18 қарашада жаңадан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды.

Бұған дейін қолданыста болып келген 1998 жылы 2 шілде қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы жаңа қабылданған заңмен күшін жойылды.

Заман бір орында тұрған жоқ, сондықтан мемлекетте және қоғамдық қатынастарда болып жатқан өзгерістерге байланысты негізгі заңға жүйелі түрде түзетулер енгізіліп толықтырылып келеді.

Сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында енгізілген өзгерістер нәтижесінде Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық өткен жылмен салыстырғанда 58 %-ға  азайған.

Шымкент қаласында 2019 жылдың 10 айында 12 азамат сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған болса, 2020 жылдың 10 айында 5 азамат сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасаған.