Салауатты жас ұрпақ – қоғам байлығы

Еліміздің болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты.

Өркениетті дамыған қоғамды тек — дені сау адам ғана құра алады деп айтар болсақ, жастарымыздың денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні таза, танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеті ерекше, адамгершілігі мен имандылық қасиеті үйлескен тұлғаларды тәрбиелеу басты міндетіміз.

Салауатты өмір салты нормаларын ұстану әр адамда жеке және қоғамдық құндылықты көрсететін өзінің денсаулығын сақтауға жауапты қарым-қатынасқа тәрбиелеуге ықпал етуі қажет.

Салауатты өмір зиянды әдеттермен үйлеспейді. Алкоголь және басқадай маскүнемдікке әкелетін заттар, анаша, шылым шегу салауатты өмір салтын қалыптастыруға жан-жақты кедергі келтіреді.

Зиянды әдеттер көптеген аурушаңдықтың қауіптілік факторы болып саналады және балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына кері әсер етеді.

Салауатты өмір салты дегеніміз – әрбір жеке адамның өнімді еңбек етіп, тұрмыс құруы, бос уақытында дем ала білуі, қысқасы, адамның күнделікті дұрыс қалыптасқан өмір тіршілігі.

Салауатты өмір салты түсінігіне:

 — Айқын жасалған күн тәртібінің болуы;

— Дұрыс тамақтану;

 — Дұрыс тынығу;

 — Дене еңбегімен шұғылдануы;

— Таза ауада болып, күн көзінде серуендеу; — Табиғат аясында болуы;

 — Зиянды әдеттерден сақтану;

 — Дұрыс қозғалыста болуы.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны көздейді:

— Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;

— Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;

— Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана сүйену;

 — Экологияландыру адам организміне қоршаған орта факторларының әсерін білу;

— Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу;

— Үздіксіз оқыту,салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз қалыптастырып үнемі пайдалану;

 — Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін дайындау.

Салауатты өмір сүруін өз деңгейіне жеткізу барысындағы белгілі шараларды іске асыру үшін адамның жеке басына мынадай міндеттер жүктеледі:

 — Адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін дене құрылысының биологиялық, физиологиялық, анатомиялық құрылымымен таныс болу;

— Ағзаның қай мүшесінде кемістік пайда болса, оны табиғи заттардың әсерімен қалпына келтіру; — Адам ағзасының өз деңгейінде дұрыс жұмыс істеуі үшін (әрине, өмірдің әр кезеңінде) оған саналы түрде жағдай жасау;

— Жеке бастың тазалығы;

— Дұрыс тамақтану жүйесі;

 — Экологияның бұзылуына байланысты күнделікті тіршілікте сауықтыру жүйесін өз бетінше саналы түрде шығармашылық жүйемен үйлестіру;

 — Жас ерекшеліктерін ескере отырып, ағзаның күш-қуатын пайдаланудың міндеттерін білу; — Дененің жан-жақты үйлесімді дамуы;

 — Дене шынықтыру — сауықтыру ісін меңгеру процесінде жеке бастың айқындалуы;

— Серуендеу және саяхат жасау жүйесінен хабардар болу

 Жастардың салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру арқылы жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру, денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу.

Біздің тәрбие бастамамыздың негізі салауатты өмірге жас жеткіншектерді баулу, оны қалыптастыру. Жастарымыздың жүзінен күлкі, жүрегінен жалын, саналы сезім төгілсе онда ұрпағымыздың денінің саулығы.

Жастардың денсаулығы, жігері, қайраты, білімі егемендігіміздің беделі, еліміздің мақтанышы болмақ.