Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің рөлі

Дене тәрбиесі – салауатты өмір негізі. Дұрыс ұйымдастырылған дене шынықтыру организмдегі зат алмасу процесін жақсартып, денеге жиналған улы заттардың организмнен тез шығуын қамтамасыз етеді.

         Дене шынықтыру дегеніміз – жастарымыздың, қазіргі ұрпақтың өсіп жетілуіне, денсаулығын нығайтуға, тіршілік үшін маңызды қимыл әрекеттерін меңгеруге, ой және дене еңбегімен айналысуына, еңбек етуіне көмектесетін жетілдіруші және түзетуші шаралар жүйесі болып табылады.

         Егер біздің жастарымыздың денсаулықтары жақсы болса, онда біздің еліміздің болашағы да жарқын болады деген сөз.

Дене жаттығуларының артықшылықтары:

1.  Сымбатты түзейді;
2.  Жүрек пен өкпе жұмысын жақсартады;
3.  Дене күші артады;
4.  Дене төзімділігі артады;
5.  Буындардың иілгіштігі, буындардың, байламдардың ең жоғары амплитудада қозғалысты қамтамасыз ету қабілеті артады;
6.  Бұлшық ет тонусы артады, бұл дегеніңіз дене жаттығуын жасайтын адам денесін тік, дұрыс ұстайды деген сөз;
7.  Иммундық жүйе нығайып, қан айналымы жақсарады, қандағы холестерин мөлшері азаяды;
8.  Іш қату, жамбас қуысындағы көтеуге алып келетін қан айналымының бұзылыстары жойылады;
9.  Жағымды көңіл-күй пайда болады;
10. Негізгі алмасу үдерістері жақсарады, демек, қышқылдану үдерістері  күшейіп, жасушааралық кеңістікте қалдықтар аз шөгетін болады.

Дене жаттығулары пайдалы болуы үшін денеге түсетін күш адамның жасына, салмағына, бойына лайық болуы; жаттығу кезінде жүрек соғысы минутына 120-130 рет соғуы; шамадан артық шаршамау; дене қимылы адамға тек қуаныш, рахат сезімін сыйлауы керек және дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысу шарт.