Дені сау ұрпақ – мемлекеттік ең бағалы капиталы

Дені сау ұрпақ – мемлекеттік ең бағалы капиталы. Кез-келген елдің болашағы оның халқының денсаулығына байланысты. Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы өз денсаулығымызды нығайту үшін қандай әрекеттер жасап жүрміз.

Бүгінгі таңда, оcы бағытта оқу орындарында жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған.
Тіпті қоғамда салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі күн тәртібінен түскен емес.

Бұл келешек егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады.

Әр адам, оның ішінде жас буын нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу секілді денсаулыққа жағымсыз әрекеттерден аулақ болуы қажет. Әсіресе, қазіргі технология дамыған заманда мектеп жасындағы жасөспірімдер еліктегіш келеді. Соның әсерінен ерте жастан шылымға әуес болып, тартудан қаймықпайды. Мұның бәрі олардың болашағына, дені сау ұрпақ дүниеге әкелуіне үлкен зардабын тигізуі мүмкін.

Денсаулық үшін күрес – әрбір адамның міндеті. Әлі оң-солын толық ажырата қоймаған мектептегі жас буынға сол міндетті насихаттау – біздің, педогогтардың парызы. Сонымен қатар баланың толыққанды салауатты өмір салтын ұстанып, дені сау азамат болып қалыптасуына үйдегі ата-ананың да ықпалы зор екенін естен шығармау қажет.

Салауатты өмір салтын ұстануды өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.