Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы – баршаға ортақ іс

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілген.

Осы бір елімізде қабылданған маңызды құжат Ағымдағы ахуалға талдау жасайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы оң үрдістер, шешімін талап ететін проблемалар, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар зерделенген, мақсат және міндеттер айқындалған.

Осы құжатпен түйінді бағыттар, негізгі тәсілдер және басым шаралар, мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қоғамдық бақылау институтын енгізу, квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сот және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет жүйесін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту, стратегияны іске асыруды мониторингтеу және бағалау әдістері жан-жақты қамтылып отыр.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне өз қызметінде стратегияны басшылыққа алу және оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдау тапсырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының негізгі бағыттары айқындалған Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жоспарының негізінде, Шымкент қаласының әкімдігінің қаулысымен 2018 -2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары» бекітіліп жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру деңгейін арттыру нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың тікелей байланыстары азайды. Атап айтсақ, 2019 жылы 181 қызметтің 91-і (50%) электронды форматта көрсетілсе, 2020 жылы 160 қызметтің 132-сі (83%) электронды түрде көрсетілген.

2020 жылы жылдың соңына дейін 28 мемлекеттік қызмет түрін электронды форматқа ауыстыру жоспарланған.

Яғни, өткен жылмен салыстырғанда, электронды түрде қызмет көрсету 33%-ға өскен.