Дәстүрлі уағызшы мен «псевдоуағызшы» қалай ажыратылады?

Бүгінде ғаламтор желісінде дін уағызшылары мен насихатшыларының артқаны байқалады. Олардың ішінде дұрысы да бұрысы да бар. Енді бұларды қалай ажырата аламыз? Себебі дін үйренуді көздеген азамат үшін діни уағызшының кім болуы өте маңызды. 

Біріншіден, дінді мешіттен немесе арнайы діни оқу орындарынан барып үйренген дұрыс. Кейін ҚМДБ мақұлдаған дін уағызшыларын ғана таңдау керек. Олардың тізімін, аты-жөндері мен қызметтері жайында мәліметтерді ғаламтор желісінен іздеп табуға болады. Себебі бұл ақпарат желіде бірнеше мәрте жарияланды. Бұған қоса дәстүрлі уағызшылардың есімдерін Қазақстан аймағындағы мешіт имамдары мен қызметкерлерінен де сұрап білу мүмкіндіктері бар.

Екіншіден, дәстүрлі діни уағызшылардың бейне роликтері, үгіт-насихаттары muftyat kz., kazislam kz., muslim kz., сияқты т.б. қалалық және аудандық мешіттердің элоктронды сайттарында жүктеулі. Қалаған уақытта сол сайттарға кіріп имамдардың және сол уағызшылардың уағызын тыңдай аласыз.

Үшіншіден, шет мемлекет азаматтарының уағыздарын тыңдауға сақ болу керек.

Төртіншіден, дістүрлі діни уағызшылардың насихаты мүмкіндігінше халықтың сал-дәстүрімен сабақтасып отырады. Халықты ынтымақ пен бірлікке, татулық мен бейбіт өмірге шақыру мазмұны қамтылады.

Бесіншіден, «псевдоуағызшылар» көп жағдайда бір жақтылықпен, өзге дін өкілдеріне қаттылық танытып, қоғамда тек мұсылмандар жасауы керек деген ойға алып келеді. Қажет болса қолға қару алып, жүйені күшпен өзгертуге шақыратындары да болады. Қазақстан мемлекетінен «мұсылман» мемлекетіне хижрат етуге шақырады. Өзін және жақтастарын ғана мұсылман санап, басқаларды күпірлікке жатқызады және т.б. Мұндай белгілер байқалған насихатшыдан қабырғаңды аулақ ұста.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ