Шымкентте имамдар білімін жетілдіру орталығында кәсіби даярланады

Шымкент қаласының орталық мешіті жанындағы «Ақмешіт» қайырымдылық мекемесінде имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеруге арналған «Шымкент имамдарының білімін жетілдіру орталығы» жұмыс жасайды.

Курс барысында ҚМДБ-ның бекіткен оқу бағдарламасы аясында  «Құран Кәрім», «Ақида», «Хадис ілімі» және «Шариғат үкімдері» пәндерінен дәріс жүргізіледі. Оқу кезеңінде имамдардың білімі жүйелі түрде ауызша сұрау және сынақ жүргізу арқылы бағаланады.

Курс аяқталғаннан кейін түлектерге ҚМДБ тарапынан білім алушыларға біліктілікті көтеру туралы белгіленген үлгідегі сертификат беріледі. Ал имамдарға Мысыр Араб Республикасы, әйгілі әл-Әзһар және Нұр-Мүбәрак университетінен тәлім алған түлектері, дінтанушы-мамандар  Дәулет Туленов, Ақтөре Тұраптай, Ералы Есенгелдиев және Мейірбек Сәрсенбаевтар дәріс береді. Курс 6 күнге жалғасады.

Сондай-ақ, Орталық жетекшісі М.Естеміровтың айтуынша, Шымкент қаласына қарасты 106 мешіттің 252-ден астам мешіт қызметкерлері тағылымдық, кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеруге арналған курстардан өтеді.