Шымқалада «Таза қала» акциясы өтті

«Таза қала» акциясы — тұрғындардың қаламызға деген зор махаббатын, ортақ үйіміздің таза, әдемі болуына және гүлденуіне талпыныстарын арттырды.

Сонымен қатар, бұл өскелең ұрпақты патриоттылыққа баулуда таптырмас шара. Біз көгалдандыру жұмыстарына көптеп назар аударуымыз қажет. Себебі, сүйікті қаламыз шынайы жасыл әрі таза қала болу үшін әрқайсымыз өзімізден бастауымыз тиіс.

Келер жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы болғалы отырмыз. Демек, біз баршаға үлгі болардай жұмыс істеуіміз шарт. Қайырымдылық пен тазалық, ізеттілік пен ұлағаттық Шымкенттің әр тұрғынына тән қасиет екеніне сенімім мол».