Дін ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің

Әлемді алаңдатқан коронавирус пандемиясы індетінен қала тұрғындарын сақтандыру және қорғау шаралары жүргізілуде.  Соның ішінде қаламызда дін саласы да ерекше назарға алынып, сақтық шаралары күшейтілген. 

Шымкент қаласының дін істері басқармасы мен  «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і тарапынан қала тұрғындарын сабырлыққа шақыру мақсатында сақтық шараларын ескере отырып, тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, Шымкент қаласының діни бірлестік өкілдерімен және қала тұрғындарымен  уақытылы санитарлық-эпидемиялық шаралары мен дезинфекция жұмыстарын жүргізу, бес уақыт намаз жамағатпен оқылмайтындығы, карантиндік жағдайдың талаптарын бұзу әкімшілік құқық бұзушылыққа әкеп соғатыны кеңінен түсіндірілді.

Қазақстан мұсылмандары  діни басқармасы төтенше жағдайда мешітте жұма және бес уақыт намаз оқуға қатысты пәтуа шығарған болатын. Ислам діні кейбір ғибадаттарды қауіпті жағдайларда уақытша тоқтатуға рұқсат береді. Осыған байланысты, қала тұрғындарын үрейленбеуге,  сабырлық танытып, ең бастысы отбасы мүшелеріне залал тигізбей, індет таратпай өз үйлерінде Алла тағалаға дұға етуге шақырылды.

         Жалпы, карантин режимінде дінаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуде ақпараттық-насихаттық жұмыстар жалғасын табуда. Шымкент қаласының дінтанушы теолог, мамандар онлайн форматта дәрістер оқуда. Сонымен қатар, жоғары және арнаулы оқу орындары студенттері мен оқушыларына арнайы видео лекциялар дайындалып, әлеуметтік желелерде тікелей  эфир және Zoom платформалары арқылы онлайн лекциялар өткізілуде. Одан бөлек, онлайн жүйелерде теологиялық және психологиялық кеңестер жүргізілуде.

Қосымша барлық діни сұрақтарға жауапты 8 71 72 33 30 30 саll-орталыққа звандап ала-аласыз.