Діни сауат – тұрақтылық негізі

Елімізде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету  мәселесі мемлекеттік саясаттың негізгі бөлігінің бірі болып саналады. Мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру барысында үстіміздегі жылдың қаңтар-наурыз айларында Шымкент қаласы тұрғындары мен жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, кереғар діни ағымдардың зияндығын түсіндіру, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру үшін, мақсатты топтармен жалпы түрлі форматты 134 іс-шаралар өткізіліп, 12242 жуық адам қамтылған.

Сонымен қатар, қала аумағында орналасқан 23 мешіттерде өткен іс-шараларға  26600 азаматтар қатыстырылған.

Коронавирус пандемиясының таралуына байланысты 2020 жылдың сәуір-маусым айларында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы-теолог мамандары тарапынан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары онлайн режимде жүргізілуде.   Сондықтан, дін мәселесі бойынша мазалап жүрген кез-келген сұрақтарыңызды «Дін  мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің фейсбук желісіндегі парақшасында қалдыра аласыздар.