Сыбайлас жемқорлық нәтижесінде жасалған мәмілелер, шарттар, актілер және әрекеттер жарамсыз деп танылады

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде жасалған мәмілелерді, шарттарды уәкілетті мемлекеттік органдардың, мүдделі тұлғалардың немесе прокурордың талап қоюы бойынша Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен сот жарамсыз деп таниды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде актілерді қабылдау және әрекеттерді жасау тиісті актілердің күшін жоюға (қолданысын тоқтатуға) уәкілеттік берілген адамдардың не мүдделі тұлғалардың немесе прокурордың талап қоюы бойынша сот тәртібімен олардың күшін жою (жарамсыз деп тану) үшіннегізболыптабылады.

Бұл шаралар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жою мәселелерімен тікелей байланысты болып отыр.