БІЛІМ ҰЯЛАРЫНДА КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ҚАЖЕТ

Елімізде коронавирус дерітінің екінші толқынына қызу дайындық жүргізілуде. Тиісінше білім ұяларындағы сақтық шаралары қатаң сақталуы қажет. Бірінші оқу тоқсанын аяқтаған шәкірттерді бұдан кейін қандай өзгерістер күтіп тұр?

№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебі биылғы оқу жылын 960 оқушымен бастаған. Қазіргі таңда елімізде болып жатқан пандемия жағдайына байланысты білім ұясында тек бастауыш сыныптар білім алуда. Жаңа білім беру форматына сай мектепте балалардың толықтай сапалы білім алуына жағдай жасалып, карантин талаптары қатаң сақталған.

Әлия Бимұратова — №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінің директоры

1-ші және 4-ші сынып оқушыларының ата-аналары жазған өтініш негізінде 365 мектепте арнайы топтар ашылған. Қазіргі таңда балалар 3 күн мектепте оқып, қалған 2 күн қашықтықтан үйден  жалғастыруда. Сабақтың ұзақтығы 30 минуттан.Жас ұрпаққа саналы білім беру барысында мектеп ұстаздары аянбай еңбек етуде.

Назира Бөлеева – бастауыш сынып мұғалімі(00:11 – 00:43)

Бастауыш сыныптарда онлайн оқу оқушыға да мұғалімдерге де айтарлықтай қиындық тудырады. Мектеп партасына алғаш отырған бүлдіршіндер мұғалімнің қасында болғаны дұрыс -, дейді Ұлжан Нартаева.

Ұлжан Нартаева – ата-ана

Білім ошағында дезинфекциялық санитарлық талаптар күшейтілген. Бөлмелерді 15 минут — 1 сағат ішінде желдетіп, ауаны ылғалдандыратын арнайы кварцтар орнатылған. Сонымен қатар есік тұтқаларын күнделікті 2 рет өңдеп, орындықтар арасы 1 метр ден орналастырылған. Медицина мамандары  қоңырау уақытында сыныптың ішін дизенфекциялайды. Барлық сыныпта санитайзер мен антисептиктер орнатылған.

НазкенCкандар