ЖАҢАЛЫҚ ЖАРШЫЛАРЫНЫҢ БІР КҮНІ

«Оңтүстік» арнасының 30 жылдық тарихында телекөрермендерін шынайы ақпаратпен жедел қамтамасыз етуде «Жаңалықтар» бөлімінің жұмысын айрықша атап өткен жөн. Теледидардың арғы жағында отқан ағайынға ұсынылатын бір ғана ақпараттың артында қаншама еңбек жатыр. Мұны біреу білсе, біреу білмес. Жылдар бойы жаңалықтың жаршысына айналған тілші-редакторлар, режиссер мен техниктердің, оператор мен монтаждаушы мамандардың бір күндік жұмыс барысын көрсетіп, өздеріңізді экранның бергі жағындағы тіршілікпен таныстырмақпыз.

«Жаңалықтар» бөлімінің жұмыс күні осылай басталады. Түсірілім тобы таңмен таласа іске кірісіп, болған оқиғаны бұлжытпай, жаңалықты жедел жеткізуге тырысады. Эфирден көрсетілетін бір ғана ақпарат бірнеше этаптан өтеді. Тілші бас редакторға тексертіп, монтаж маманына жүгінеді. Ал, кейде оқиға орнынан тікелей түсірілім жасайтын кездер де болады.

Қалдыгүл Дәуренбекова – «Оңтүстік» телеарнасының үйлестірушісі  

Халық пен билік арасына байланыс орната білген біздің арна тілшілерінің арқасында талай мәселе өз шешімін тауып, таразыға түсті. Тұрғындардың тұрмыстық түйткілдері. Ел экономикасының өсімі. Қаламызда болып жатқан жайттар. Тәулігіне бес рет эфирге шығатын Жаңалықтар қызметі осы тақырыптар төңірегінде сөз қозғайды. Тікелей көрсетіліммен көреременін қуантып жүрген ақпараттық бағдарламаға режиссерлардың сіңіретін еңбегі ерен.

Майра Мейірбекова — «Оңтүстік» телеарнасының эфир-режиссері

Заманмен бірге толысып, дәуірмен бірге дамып келе жатқан күнгей өңірдің бас арнасы жаңалықтарды алғашқылардың бірі болып таратуға қашан да әзір. 30 жыл бойы облыс тұрғындарына шынайы ақпарат жеткізген арна алдағы уақытта да халықпен бірге. Сіздерге жеткізер жағымды жаңалықтарымыз көп болсынқұрметті көрермен!

Перизат Ортай – тілші

Мінекей, сіздерге жаңалықтар бөлімінің жұмыс барысымен таныстырып жатқанда, бізде тағы бір шұғыл түсірілім шықты. Оператор, бізде сьемка.

Перизат Ортай