ИМАМДАР ЖАМАҒАТҚА ҮНДЕУ ТАСТАДЫ

Қаладағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Осыған байланысты діни нысандардың есігі ашыла бастады. Жалпы Шымкент қаласында 106 мешіт бар. Оның ішінде санитарлық нормаға сай келетін 84-не намаз оқуға рұқсат етіліп отыр.

Шаһардағы  үлкен мешіттердің бірі «Ақмешіт» құлшылық ордасы тұрғындарға есігін айқара ашты. Қанша уақыт бойы қаңырап тұрған  алып ғимараттың  ішіне әп-сәтте жан біткендей болды. Қазіргі таңда бұл жерде 100 адамға дейін намаз оқуға рұқсат етіліп отыр. Айта кетерлігі 65 жастан асқан кісілерге мұнда келіп намаз оқу шарт емес. Мүмкіндігінше, үйде отырып-ақ құлшылық жасай берсе, дейді бас имаманың орынбасары

Мұхаммеджан Естеміров — Шымкент қалалық бас имамның орынбасары

Мешіт имамы құлшылық жасаушыларға қойылатын талаптарды қатаң сақтану керектігін ескертті. Мәселен, бетперде, медициналық қолғап болуы керек.  Намаз оқу кезінде бір жарым метр ара қашықтық сақталуы тиіс. Сондай-ақ мешітте ауаны  әр үш сағат сайын тазартып отыру үшін, құлшылық ордасында  15 минуттан артық отырмауға  шақырды.

Мұхамеджан Естеміров — Шымкент қалалық бас имамның орынбасары

Бекітілген ереже бойынша мешітте жұма намазы оқылмайды. Десек те жастардың неке қидыруы, имамнан қандай да бір сұрақтарға жауап алу мақсатында келуге болады. Сондай-ақ мұнда күнделікті бес уақыт намаз оқуға да рұқсат етіліп отыр.  

Айдана Қуанышқызы