«College Smart Nation» білім беруді басқарудың жүйесін енгізудің тиімділігі.
ТжКБ-да оқыту үдерісін басқару жүйесі мүмкіндік береді:
- мемлекеттік қызметтерді алу уақытын азайтуға;
- мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет алушы мен қызмет көрсетушінің арасындағы тікелей байланысты азайтуға;
- мемлекеттік қызметтерді алу ашықтығын айтарлықтай арттыруға;
- мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық қатерін азайтуға;
- сабақ жоспарын құру уақытын азайту, сондай-ақ оны құру үдерісін жеңілдетуге;
- сабақ кестесін құру уақытын азайтуға;
- емтихан сессиясын өткізу кезіндегі ашықтықты айтарлықтай арттыруға;
- емтихан сессиясын өткізу кезіндегі сыбайлас жемқорлық қатерін азайтуға;
- ішкі құжат айналымға кететін уақытты азайтуға;
- кітапханалық қорды қамтамасыз етуге кететін шығынды азайтуға;
- күнделікті электронды басқарманың аймақтық шлюзі арқылы жеке мәліметтерді тексерудің арқасында контингент пен қызметкерлер құрамындағы мәліметтердің 100% дұрыстығына;
- директор блогы арқылы студенттер мен колледж әкімшілігінің арасындағы коммуникацияны жақсартуға;
- қағаз жүзіндегі құжатайналымды қамтамасыз етуге кететін шығынды азайтуға.
«College Smart Nation» жүйесін енгізуге дейінгі ахуал:
- мемлекеттік қызметтерді алудың ашықтығы 10%;
- мемлекеттік қызметтерді алу уақыты 1-10 күн аралығы;
- мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық қатері 70%;
- сабақ жоспарын құру уақыты 1 апта;
- сабақ кестесін құру уақыты 2 апта;
- емтихан сессиясын өткізу кезіндегі сыбайлас жемқорлық қатері 50%;
- ішкі құжатайналымға кететін уақыт 2-3 сағат.
«College Smart Nation» жүйесін енгізгеннен кейінгі ахуал:
- мемлекеттік қызметтерді алудың ашықтығы 90%-ға артты;
- мемлекеттік қызметтерді алу уақыты 5 минут-қа қысқарды;
- мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық қатері 1%;
- сабақ жоспарын құру уақыты 1 тәулікке дейін қысқарды;
- сабақ кестесін құру уақыты 1 тәулікке дейін қысқарды;
- емтихан сессиясын өткізу кезіндегі сыбайлас жемқорлық қатері 5%;
- ішкі құжатайналымға кететін уақыт 10 минутқа дейін қысқарды.