«Сәулет басқармасының геосервисі» қала құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 2020 жылы Шымкент қаласының әкімдігімен ұсынылатын 160 қызмет түрі 132 қызметке оңтайландырылды.

Сәулет және қала құрылысы саласындағы қызметтер бойынша «Сәулет басқармасының геосервисі» порталы іске қосылып, бүгінгі күні монополиялық мекемелерден (су, жарық, газ, байланыс, жылу) техникалық шарттарды электронды түрде алуға қол жеткізілді.

Сәулет-жоспарлау тапсырмалары (бұдан әрі-СЖТ) тек қана электронды түрде ұсынылуда. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға мүмкіндік беруде.

Бұл әсіресе құрылыс жұмыстарын бастағалы отырған халыққа өте қолайлы жағдай туғызып, алты жұмыс күнінің ішінде СЖТ алуға мүмкіндік алуда.

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінен нысанға нөмір беру, оны нақтылау және жою қызметтері «Сәулет басқармасының геосервисі» порталы арқылы жүзеге асып, азаматтардың өтініштері бір жұмыс күнінің ішінде қанағаттандырылуда және қағазбастылық елу пайызға қысқартылып, сыбайлас жемқорлықтың түбі түбегейлі кесілді.