Шымкент: «College Smart Nation» сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға арналған біріңғай портал

«College Smart Nation» білім беруді басқарудың жүйесін енгізудің тиімділігі.

ТжКБ-да оқыту үдерісін басқару жүйесі мүмкіндік береді:

  • мемлекеттік қызметтерді алу уақытын азайтуға;
  • мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет алушы мен қызмет көрсетушінің арасындағы тікелей байланысты азайтуға;
  • мемлекеттік қызметтерді алу ашықтығын айтарлықтай арттыруға;
  • мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық қатерін азайтуға;
  • сабақ жоспарын құру уақытын азайту, сондай-ақ оны құру үдерісін жеңілдетуге;
  • сабақ кестесін құру уақытын азайтуға;
  • емтихан сессиясын өткізу кезіндегі ашықтықты айтарлықтай арттыруға;
  • емтихан сессиясын өткізу кезіндегі сыбайлас жемқорлық қатерін азайтуға;
  • ішкі құжат айналымға кететін уақытты азайтуға;
  • кітапханалық қорды қамтамасыз етуге кететін шығынды азайтуға;
  • күнделікті электронды басқарманың аймақтық шлюзі арқылы жеке мәліметтерді тексерудің арқасында контингент пен қызметкерлер құрамындағы мәліметтердің 100% дұрыстығына;
  • директор блогы арқылы студенттер мен колледж әкімшілігінің арасындағы коммуникацияны жақсартуға;
  • қағаз жүзіндегі құжатайналымды қамтамасыз етуге кететін шығынды азайтуға.

«College Smart Nation» жүйесін енгізуге дейінгі ахуал:

  • мемлекеттік қызметтерді алудың ашықтығы 10%;
  • мемлекеттік қызметтерді алу уақыты 1-10 күн аралығы;
  • мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық қатері 70%;
  • сабақ жоспарын құру уақыты 1 апта;
  • сабақ кестесін құру уақыты 2 апта;
  • емтихан сессиясын өткізу кезіндегі сыбайлас жемқорлық қатері 50%;
  • ішкі құжатайналымға кететін уақыт 2-3 сағат.

«College Smart Nation» жүйесін енгізгеннен кейінгі ахуал:

  • мемлекеттік қызметтерді алудың ашықтығы 90%-ға артты;
  • мемлекеттік қызметтерді алу уақыты 5 минут-қа қысқарды;
  • мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық қатері 1%;
  • сабақ жоспарын құру уақыты 1 тәулікке дейін қысқарды;
  • сабақ кестесін құру уақыты 1 тәулікке дейін қысқарды;
  • емтихан сессиясын өткізу кезіндегі сыбайлас жемқорлық қатері 5%;
  • ішкі құжатайналымға кететін уақыт 10 минутқа дейін қысқарды.