Мемлекеттік жастар саясаты: Дені сау ұлт – мықты мемлекет

Елімізде ДДСҰ-ның «Салауатты университеттер» және «Денсаулықты нығайтуға бағытталған мектептер» жобалары жүзеге асырылуда.

Осы жобалардың аясында білім беру ұйымдарындағы оқушылардың денсаулығын қорғау және нығайту, алкогольді, темекі шегуді болдырмау, зиянды емес тағамдарды тұтыну, салауатты диеталардың болуын қамтамасыз ету және жастарды салауатты өмір салтын ұстану үшін бағытталған шараларды жүзеге асыру қарастырылған.

Салауатты өмір салты, ауырулардың алдын алу, дене шынықтыру, оңтайлы тамақтану мәселелері бойынша халықтың біліктілігін жоғарлатуға бағытталған 16 видеороликтер әзірленген. Бұл роликтер Youtube-ты «Дені сау ұлт – мықты мемлекет» арнасында ұсынылған.

Айта кетейік, 2019 жылы жастар жылын өткізу аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі Жастар жылын өткізу бойынша сәйкесінше жол картасын бекітті. Жол картасының шеңберінде жасөспірімдер мен жастар арасында репродуктивті денсаулық негіздерін жылжыту мақсатында, сондай-ақ денсаулыққа қатысты сауаттылықты көтеру үшін UyatEmes.kz ағартушылық сайты іске қосылды.