Дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жарқын болашағының жалғасы

Өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілік қағидаты мемлекеттік жастар саясатының ажырамас бөлігіне айналуды қажет етеді.

Профилактикалық іс-шараларды назарға ала отырып, жастар зиянды әдеттерден бас тартуы, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылғаны дұрыс.

Спортпен және дене шынықтырумен айналысу ерекше басымдыққа айналғаны абзал.

«Жастар» және «дене шынықтыру» ұғымдары жас адамның өмір салтының ажырамас бөлігіне айналуын көздейді.

Осыны ескере отырып, жастарда профилактикалық іс-шаралар мен екпелерді үнемі алып отыру дағдысын қалыптастыру, салауатты өмір салты аясында отбасының, бір топ құрдастарының, оқыту мекемелерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, медициналық мекемелердің және басқа да әріптестердің қатысуымен консультациялық қызметтерді қоса алғанда, медициналық көмектің қолжетімділігі туралы мәліметтерді ұсыну бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын жандандыру, ұрпақты болу денсаулығын сақтау мәселелері бойынша мәліметтердің бірыңғай ақпараттық дерекқорын құру және жастардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мүмкіндігін пысықтау, спорт залдарын жаңарту жөніндегі және білім беру жүйесі ұйымдарын спорт мүлкімен жабдықтау жөніндегі бағдарламаларды кеңейту мәселесін қарастыру, жаппай спортпен айналысу үшін спорт объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, белсенді өмір салтын дамыту және патриоттықты нығайту мақсатында жаңа бағыттар әзірлеп және олардың танымалдылығын арттыруға қол жеткізе отырып, отандық экологиялық туризмді насихаттауды енгізу қажет.

Осы бағытта Шымкент қаласында  кеңінен жұмыстар атқарылуда. Шымкент қаласының жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы 94 спорт кешендері жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда.

Жастардың мәдениеттілігін мен экологиялық білімін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған«ECO SANA» жобасы ұйымдастырылды. Жобаға 14 команда тұрақты қатыстырылып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Келесі жылы жобаның ауқымын кеңейтіп, қаламызды таза, жасыл қалаға айналдыру бойынша ағаш отырғызу, оны күтіп-баптауға жауапкершілікті бекіту, тазалық акциялары ұйымдастырылып, насихаттау шаралары жалғастырылады.