Жастардың салауатты өмір салтын ұстануы — қатерлі ісік ауруының факторларын алдын алады

«Қазақстан жастары» жыл сайынғы Ұлттық баяндамасында өкпе туберкулезін анықтауға бағытталған скринингтік бағдарламаларды күшейту, сонымен қатар жастар арасында өкпе туберкулезінің алдын алу әдістерінің тиімділігін арттыру ұсынылады.

Осы орайда, құзыретті орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қатерлі ісік ауруының факторлары туралы ақпараттандыра отырып, жастардың салауатты өмір салтын ұстануын және дұрыс тамақтану, физикалық белсенділікті арттыру, темекі шегуді, алкогольді тұтынудан бастарту және т.б ұсыныстар бойынша шаралар әзірлеу ұсынылған.

Клиникалық-эпидемиологиялық көрінісі, әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсері, жастардың бейімделу қабілеттері бойынша кешенді бағдарламаларды күшейту маңыздылығы бар.

Шымкент қаласында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды қалыптастыру» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.

Жобаның негізгі тұжырымдамасы қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту болып табылады.

Қала тұрғындары халық көп шоғырланған 10 спорт алаңында таңғы және кешкі спорттық жаттығулар уақыт жиілігімен сағат 8:00-да, кешкі жаттығулар сағат 18:00-де өткізіледі, оған қаланың әрбір тұрғыны қатыса алады.