«AntikorNews» арнайы жаңалықтар қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттырады

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытындағы жұмыстар туралы   «AntikorNews» атты арнайы жаңалықтар топтамасы іске қосылып, тұрақты тұрғындарды қабылданған шаралар бойынша  хабардар етіп келеді.

«AntikorNews» жобасы елімізде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалары мен заңнамалық бастамалары, жедел-тергеу қызметі, сондай-ақ аумақтық департаменттері мен Агенттік жанындағы қоғамдық бірлестіктердің жұмысының қорытындылары туралы өзекті ақпаратты хабарлайды.

Аталған жоба апта сайын (сәрсенбі, сенбі күндері) Агенттіктің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram, YouTube, Telegram, Одноклассники) ресми парақшаларында жарияланады.