Сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша «Adal kómek» азаматтарға заңдық кеңес пен құқықтық көмек береді

Халықтың сыбайлас жемқорлық саласында құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету мақсатында  елімізде «Adal kómek» жобасы жүзеге асырылып, онлайн форматта заңгерлік көмек көрсетіп келеді.

Белгілі адвокат, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, адам құқығы жөніндегі сарапшы Айман Омарова «Adal kómek» жобасына жетекшілік етеді. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірінде жобаның филиалдары іске қосылған.

Жобаның кең ауқымда таралып жұмыс істеуі үшін аталған шараға еліміздегі беделді заңгерлер мен құқықтанушылар, тәжірибелі адвокаттар тартылған.

Өз кезегінде, бұл қоғамның әлеуметтік осал топтарына тегін кеңес беру үшін сарапшылар қауымдастығының басын біріктірген ашық алаң құруға мүмкіндік берді.

Жоба барысында волонтер-заңгерлер танымал әлеуметтік желілерде 1000 онлайн-кеңестер өткізіп, азаматтардан келіп түскен 11 000-ға жуық проблемалық мәселелерді шешкен.