Бұл туралы Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
Жұмысымыздың табысты болуына жол ашатын маңызды фактор – «өзектес» мемлекеттік саясаттарды қайта құру.
Салық және кеден саласын цифрландыру «көлеңкелі экономиканың» кез келген көріністерімен күресуге айтарлықтай көмектеседі. Тіпті, «көлеңкелі экономика» сыбайлас жемқорлыққа жол ашып отырғаны жасырын емес, — деп атап көрсетті Президент.
Сондықтан Қаржы министрлігіне қарасты Экономикалық тергеу қызметінің жұмысы негізінен «көлеңкелі экономикамен» күресуге бейімдеу тапсырылды.
Біз үнемді әрі жауапты жаңа бюджет саясатын әзірлеуіміз керек. Басым бағыттар мен жобаларға ғана қаржы бөлген жөн. Қаржыны оңды-солды жұмсайтын заман келмеске кетті. Негізгі бюджеттік коэффициенттер мен ережелердің жинағын әзірлеу қажет, — деді Мемлекет басшысы.