«Көлеңкелі экономика» — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басымдығына айналды

Бұл туралы Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Жұмысымыздың табысты болуына жол ашатын маңызды фактор – «өзектес» мемлекеттік саясаттарды қайта құру.

Салық және кеден саласын цифр­ландыру «көлеңкелі экономиканың» кез келген көріністерімен күресуге айтар­лықтай көмектеседі. Тіпті, «көлеңкелі экономика» сыбайлас жемқорлыққа жол ашып отырғаны жасырын емес, — деп атап көрсетті Президент. 

Сондықтан Қаржы министрлігіне қа­расты Экономикалық тергеу қызметінің жұмысы негізінен «көлеңкелі экономикамен» күресуге бейімдеу тапсырылды.   

Біз үнемді әрі жауапты жаңа бюджет саясатын әзірлеуіміз керек. Басым ба­ғыт­тар мен жобаларға ғана қаржы бөлген жөн. Қаржыны оңды-солды жұмсайтын за­ман келмеске кетті. Негізгі бюджеттік коэф­фициенттер мен ережелердің жина­ғын әзірлеу қажет, — деді Мемлекет басшысы.