Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1-ші қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында «Қазіргі жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты тақырыпта бірқатар атқарылатын шаруаларды белгілеп берді.
Мемлекет басшысы өз сөзінде, біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз, — деп атап көрсетті.
Осы орайда Жолдауда меммлекеттік басқарудың жаңа үлгісі, жаңа жағдайдағы экономикалық даму және теңгерімді аумақтық даму мәселелері көтерілді.
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу жұмысы бойынша апта сайынғы өтетін аппараттық мәжілісінде жемқорлыққа қарсы күресте ақпараттық жұмысты күшейтуді тапсырды.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында тәулік бойы жұмыс істейтін «Айкөмек» бірыңғай байланыс орталығы ашылды.
Онда, қала тұрғындары 109 нөмірі арқылы кез-келген сұраққа тұжырымды жауап алады. Орталықтың тәулігіне 3000-ға дейін, қажет болған жағдайда 5000-ға дейін қоңырау қабылдауға мүмкіншілігі бар.
Бұл өз кезегінде ашықтық пен сыбайлас жемқорлық белгілерінің алдын алуға бағытталған байланыс орталығы деуге болады.