Шымкент: парасаттылық мәдениетін қалыптастыру жайы талқыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова, Ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі С.Мәжінбеков қалалық Абай және Әл-Фараби аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының жеке құрамымен кездесті.
Басты мақсат — басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.
Шараға қатысушыларға Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жүзеге асырылу барысы түсіндіріліп, ондағы басты мақсат — сыбайлас жемқорлыққа қарсы әр түрлі алдын алу шаралары арқылы қоғамдағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру екендігі жеткізілді.
Сонымен қатар, шарада сананы өзгерту қажеттілігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың мінеуі болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін еместігі айтылды.
Кездесудің соңын қатысушылар парасаттылық қағидаттарын ұстанып, адалдық, әділдік, әдептілік және сатылмаушылық сияқты құндылықтар мінез – құлық нормасына айналуы тиіс деп қорытындылады.