Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласындағы дене шынықтыру және спорт басқармасы жанында әрекет ететін 18 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде 5589 жас кәсіби түрде спортпен шұғылдануда. Оның ішінде 4 спортшы жас 29 жасқа дейінгі спорт шеберлері.
Сонымен қатар, Шымкент жастарын салауатты өмір салтына баулу мақсатында мектеп жастарын біріктіретін «Мектеп жастар лигасы» құрылды.
Лига мектеп жасындағы өзін-өзі басқару ұйымдары көшбасшыларының басын біріктіріп, спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы бос уақытын дұрыс пайдалануға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруда.
Бүгінде мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 9 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (аула клубтары) жұмыс жүргізеді.
Ұйымдардағы мәдени-шығармашылық, спорттық, білім беру үйірмелеріне 20 061 оқушы қамтылған.
Жалпы білім беретін 135 мектептердің жанынан ашылған үйірмелерге 89 434 оқушы қамтылып, әрбір жаспен арнайы жұмыстар жүргізілуде.
Нәтижесінде, 2019-2020 оқу жылында 2560 бала халықаралық жарыстардың, 3560 бала республикалық және қалалық жарыстардың жеңімпаздары атанған.