Терроризмге қарсы операция өткізілетін аймақта құқықтық режим енгізілуі мүмкін

Терроризм актісінің жолын кесу және оны ашу, оның салдарларын барынша азайту, тізбесі «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында терроризмге қарсы операция басшысының шешімі бойынша оның өткізілу шегінде терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі оны өткізу кезеңіне енгізілуі мүмкін.

Сондай-ақ жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделерін қорғау мақсатында терроризмге қарсы операция басшысының шешімі бойынша оның өткізілу шегінде терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі оны өткізу кезеңіне енгізілуі мүмкін.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңында айқындалған.

Терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін енгізу туралы шешім (шегінде (соларда) осындай режим енгізілетін аймақты (объектілер тізбесін) және қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер тізбесін айқындауды қоса алғанда) және оның күшін жою туралы шешім тиісті аумақтың халқына, жергілікті атқарушы органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, ұйымдарының әкімшіліктеріне, объектілерінің басшыларына бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілері арқылы дереу жеткізіледі.